«Lesson Study» зерттеу жұмысының жүргізілуі. » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Lesson Study» зерттеу жұмысының жүргізілуі.
04
май
2024

«Lesson Study» зерттеу жұмысының жүргізілуі.

 «Lesson Study»  зерттеу жұмысының  жүргізілуі. 

Қазіргі уақытта әбір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар заман ағымына қарай шығуда. Сол жаңалықтардың бірі — «Lesson Study» әдісін біз мектебімізде қолданғанымызға біраз жыл болды. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study зерттеу тобына жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын шығрмашыл мұғалімдерден топ құрылды. Мектепте сабақты зерттеу және іс-әрекетті зерттеу тобы құрылды. Сабақты зерттеу тобының өзі екі топқа бөлінді, бірі – бастауыш сынып болса, екіншісіорта буынды қамтыды. Бұл тәсіл жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сабақты, оқушыны, іс-әрекетті зерттеу Бекенова Аида Кожахановна, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, «Lesson study» шығармашылық топтың жетекшісі МЕКТЕПТЕГІ «LESSON STUDY» ӘДІСІ арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, алған білімін өмірде пайдалануға дағдыландыру мақсатында жүргізілді. Сонымен бірге оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өзін –өзі бағалауы мен өзара бағалауды, сондай-ақ сыни бағалау тәсілдерін жетілдіру және топтық, жұптық жұмыс көмегімен дескрипторлар мен рубрикаторларды құрастыру, білім сапасын арттыру, АКТ қолдану барысында мұғалімдерге қолдау көрсету, интербелсенді тақта және сыныптағы әрекеттестікті дамыту, мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге, ЖАДА тиімді пайдалану секілді мектепті дамыту жоспарының басымдылықтарын қамту жоспарланды. Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісі құнды мәліметтер жинақтауға, тәжірибеміздің жақсаруына көп септігін тигізді. Сабаққа қатысқан шығармашыл топ мүшелері сыныпта анықтаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, келесі сабақты жақсартуға қолданды. Lesson Study әдісін қолдану барысында көпшілігімізге белгілі әрі негізгі ұстанымдарға сүйеніп жұмыс жүргізілді. Жұмыс «бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылып, мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түсуге септігін тигізді. Сонымен бірге сыныптың білім сапасын 

көтеруге, айқындалған мәселені шешуге аз болса да үлесін қосты. «Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе», деп И. Гете айтқандай біздің шығармашыл топ ұстаздары алдарына қойған айқын мақсатқа жету жолында талмай еңбектенді. Сондықтан да Lesson Study-оқушыларға саналы білім беруді көздеген бір мақсат пен міндетке жұмсалған ұстаздар шеберханасы десек артық етпейді.

   Бұл жұмыстың мақсаты: оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында бастауыш мұғалімдерінен құралған топ бірігіп, зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін әдебиеттік оқу пәні таңдап алынды. Зерттеуші топ аптасына бір реттен жиналып, А, В, С деңгейіндегі оқушылар тобына жататын оқушының сабақ барысында іс-әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс-тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Бірінші зерттеу сабағы әдебиеттік оқу пәнінен «Құмы да қымбат туған жер. Құм мінезі» тақырыбында өтті. Өткен сабақты «Миға шабуыл» әдісі арқылы қорытылды. Осы сабақ барысында анықталып алынған А, В, С деңгейіндегі оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін мұғалімдер зерттеп шықты. Ашық сұрақтар арқылы, жеке жұмыстар мен тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы мен топ арасында көшбасшылық қабілетін А деңгейіндегі оқушылар көрсете білді. В деңгейіндегі оқушы туған жер туралы шығарма оқып, өз ойымызды білдіреміз дегенде нақты жауап бере алмады. Оқушы үнін тыңдаған кезде А деңгейіндегі оқушы кейіпкерге сипаттама беріп, мәтін мазмұнын әңгімелеп айтып берді. Яғни, сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғарта түсті. С деңгейдегі оқушыға «Қызыл кітаптың шыққан жылы?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа               С деңгейіндегі оқушы толық жауап бере алды. Үй тапсырмасына берілген сұрақтар құрастыру бойынша А деңгейіндегі оқушы белсенділік танытты. Келесі сабақта В деңгейіндегі оқушының белсенділігін арттыратын әдісті қолдану керектігі айқындалды. Жаңа сабақты түсіндіруде «Еркін әңгіме» әдісі арқылы бастай отырып, мәтін бойынша бейнеролик көрсетілді. Көрсетілген бейнеролик арқылы оқушылар мәтін мазмұнын толық түсінді. Сондай-ақ, үшінші сыныпта өткен сабақ бойынша білімдерін де еске түсірді. Жаңа сабақ «Кестемен жұмыс» арқылы ашылды. Автор туралы мәліметтермен таныса отырып, «Домино» әдісі арқылы жүргізілді. Топтық жұмыс кезіндегі «Сатылай кешенді талдау» әдісінде С деңгейіндегі оқушы мәтінге сүйене отырып, екі сұраққа жауап берді. В деңгейіндегі оқушы кестені толық толтырып жаза алды. А деңгейіндегі оқушы тапсырманы лезде орындап, туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп тұрған тұсты тауып оқып, мәтелдің мағынасын аша білді. Сондай-ақ, алдыңғы сабақтарда қолданып жүрген «Синквейн» әдісі арқылы үйден «Қызыл кітап» сөзіне құрастырып келген бес жолды өлеңін оқып берді. «Кейіпкерге хат» жазуда А, В, С деңгейіндегі оқушылар өз деңгейілері бойынша кейбір оқушы «Қойшы Барханға», кейбір оқушы «Құмға» арнап хат жаза алды. Бұл зерттеу сабақтары зерттеуге алынған оқушылардың келесі деңгейге өтуіне мүмкіндіктер берді.Зерттеуге қатысатын мұғалімдер тобы келесі кезең жұмысын жоспарлады. Екінші зерттеу сабағы 

әдебиеттік оқу пәнінен «Суасты тіршілігіне қамқорлық. Балықтарға көмек» тақырыбында өтті. Сабақтағы үй тапсырмасын сұрау «Фишбоун» әдісі арқылы басталды. Оқушылар өз қызығушылықтарымен үйден алдын ала дайындап келген балықтар туралы шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. «Кім қызықты ақпараттар біледі?» деген сұраққа А деңгейіндегі оқушы өте жақсы жауап бере алды. Жаңа сабақ тақырыбы мен авторын таныстыруда алдыңғы сабақта қолданылған «Домино» әдісі өз жалғасын тапты. Оқушылар бұл әдіс бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, жылдам орындай алды. Балықтар туралы бейнеролик көрсетілді. Көрсетілген бейнероликке қарап, оқушылар көптеген суасты әлеміндегі тіршілікпен танысты. Топтық жұмыста «Сатылай кешенді талдау» әдісі арқылы шығарма атын, авторын, кейіпкерлерін және шығарма жанрын таба білді. Мәтінді тізбектей оқу кезінде В және С деңгейіндегі оқушылардың белсенділігі арта түсті. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдап айтуға тырысты. Кесте бойынша жеңіл сұрақ және күрделі сұраққа А және В деңгейіндегі оқушылар 4 «Ә» сыныбында жүргізілген Lesson study зерттеу сабағының оқушылар білімін жетілдірудегі ықпалы Молдахметова Ұлжан Отарбаевна, бастауыш сынып мұғалімі өздеріне тиісті сұраққа дұрыс жауап бере алды. С деңгейіндегі оқушыға күрделі сұрақтар қиындау болды. Жеңіл сұрақтарға жауап бере білді. Мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы өз ойын қысқаша жеткізіп, жетелеуші сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында кері байланыс «Желкенді кеме» әдісі арқылы берілді. Сабаққа қызығушылықпен қатысып, келесі сабаққа оқушылар өз бетінше ізденіс жұмыстарын жасап келуді жоспарлады. Үшінші зерттеу сабағы әдебиеттік оқу пәнінен «Жануарлардың сипаты. Дуадақ» тақырыбында өтті. Сабақты «Миға шабуыл» әдісімен бастай отырып, яғни оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар арқылы доминоны құрастырды. Дуадақ құсы туралы бейнеролик көрсете отырып, оқушылар «Еркін әңгіме» әдісімен ой бөлісті. «Миға шабуыл» кезінде А деңгейіндегі оқушыға «Әлсіз жануарларды қорғауға көмектесіп көрдің бе?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа ойлана отырып жауабын айтып, үйден жазып келген шығармасын оқып, ой білдірді. А деңгейіндегі оқушы өзіне берілген сұраққа мүдірмей жауап берді. В деңгейіндегі оқушы домино құрастыруда қызығушылықпен қатысып, дұрыс жауап бере алды. С деңгейіндегі оқушы қарапайым сұраққа қысқа жауап берді. Жалпы сабақта көзделген әдістер оқу мақсатына негізделіп таңдап алынған. Сабақ оқу мақсатына жетті деп ойлаймын. Оқушылардың қажеттілігі ескеріліп қосымша тапсырмалар берілді. Осындай тапсырманы орындау барысында С деңгейіндегі оқушының сабаққа қызығушылығы артты. Ол дәптермен жұмыс кезінде «Кейіпкерге хат» әдісі бойынша С деңгейіндегі оқушы осы берілген тапсырманы орындап шықты. Сабақ соңында кері байланыс «Ақылды үкі» әдісі арқылы берілді. С деңгейіндегі оқушыда сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Ол кейбір сөздерді қате оқиды. С деңгейіндегі оқушымен әлі де қосымша тапсырмалар орындалып жатыр. Олардың бойларына сенім ұялайтындай кері байланыс берудің маңыздылығын ұқтым. Сондай-ақ, сабақтың әр кезеңінде тақырып бойынша қажетті әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратынына көз жеткізілді. Оқушыға дер кезінде берілген тиімді кері байланыстың әсерін осы зерттеу сабақтарынан байқалды. Келесі сабақтарда оқушының қызығушылығын арттыратын осындай жұмыстар беруге болады деп шешім шығарылды. Жалпы сабақтарды қорытындылай келе, тізбектелген үш сабаққа алынған, «Домино», «Сатылай кешенді талдау», «Кейіпкерге хат» әдістерін жалғастыру қажет екендігі ескерілді. Жалпы сыныптың сабаққа деген белсенділігі, қызығушылығы арта түсті. Lesson study зерттеу сабағының оқушылар білімін жетілдірудегі ықпалы орасан зор. Оқушылар білімі арасында бәсекелестік орнады. Өз бетінше ізденіс жұмысы нәтиже көрсетті. Балалардың пәнге қызығушылығы арта түсті. Ауызекі сөйлеу мәдениеті қалыптасты, сауаттылығы артты. Сыни ойлау деңгейлері жоғарылады. Мұғалімдер де өзара тәжірибе алмасты.

   « Зерде» шығармашылық топтың атқарған жұмыс қорытындысы 

Білім алушылардың үлгерім мен білім сапасын зерделеу, жақсартуға жүйелі жұмыс  жасау үшін мектептің пән мұғалімдерінен пәндік Ассоциация құрамы бектілген. Мақсаты: нәтижеге бағдарланған білім беруде оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық қызметті енгізу арқылы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсатында шығармашылықпен жұмыс істейтін, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп,  ертеңгі дамыған қоғам иесін қалыптастыратын кәсіби шебер ұстаздарды дамыту. Өзара тәжірибе алмасу, өздігенен білім көтеру, кәсіби құзерттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау.«Зерде» Ассоциация қоғамдық бірлестігінінң жұмыс жоспары құрылып бекітіліп, мақсаты мен міндеті анықталды.  Шығармашылық  топтың  1-4- сыныптар арасында жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі У.Молдахметова, ЖМБ пәндер бойынша жетекшісі  биология пәнінің мұғалімі Д.Шерганакова, ҚГБ бойынша жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мүғалімі  К.Сарыкова ұйымдасытыруымен мектептің әдістемелік жұмысының айлық жоспарына сай апталық жүргізілді. Мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті.