Қараша айында «Өркен» бастауыш әдістемелік бірлестігінің «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ» атты онкүндігі өтті. » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қараша айында «Өркен» бастауыш әдістемелік бірлестігінің «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ» атты онкүндігі өтті.
04
май
2024

Қараша айында «Өркен» бастауыш әдістемелік бірлестігінің «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ» атты онкүндігі өтті.

Іс-тәжірибе тарату мақсатында «Бастауыш сынып пәндерінің оқытылу құзыреттілігін дамыту» атты оқыту семинарымен бастады. Мұнда У. Молдахметова,  М. Шагаева, А. Шерганакова  тәжірибелерімен бөлісті.
02.11.2023ж «Өркен» бастауыш ӘБ апталығы аясында бастауыш сынып сынып мұғалімідері Р.Утешова,  Р.Парманова, Ж.Мамырханова  «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыс үлгілері»  тақырыбында семинар  өткізілді. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
қалыптастырудың жолдарын анықтау, тиімді әдіс тәсілдермен бөлісу,семинар барысында мұғалімдер тақырып төңірегінде ой бөлісіп тәжірбиемен алмасты семианар басында көңіл күйді көтеріп жағымды атмосфера туғызу мақсатында« Кім зерек» атты трениг өткізілді.Семинар барысында әдебиеттік оқу пәнінде  мәтінді  толық меңгеру үшін «Уақыт сызығы» әдісі, «Зуылдақ» әдістерімен таныстырылды .«Ара» әдісі ,«Ақылды карта » әдісі,«Жүгіртпелі эссе», «Сәлемдемені жіберіңіз атты әдіс тәсілдерін бере отырып шығармашылықпен жұмыс жасады.Сабақта  бала өз  білімін бағалау мақсатында «Білім заряды» атты әдіспен бөлісті.
   22.11.2022ж. Бастауыш сынып мұғалімі Р.Утешова 1«Б» сыныбында Әліппе сабағынан  «Әә әрпі және дыбысы» тақырыбында   ашық сабақ өткізді.  Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ыстық құшақ» әдісі арқылы жылулық шеңбері өткізілді. «Сиқырлы сандықша» әдісі арқылы өткен ережелерді қайталап еске түсірсе, «Тікұшақ» әдісі  арқылы сөздерді оқытты. «Миға шабуыл»әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Сиқырлы әліппе видеосы арқылы жаңа дыбысымен таныстырды. «Әже» сөзіне дыбыстық талдау жасатты. Сурет бойынша әңгіме құрап, әңгімені сөйлемдерге талдады. Сөйлем санын анықтады.  Али мен Ая  видео жазбамен қосылып әнұранды айтылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстырды. Топтық  жұмыстар жүргізілді. Ә әріпінің таңбасымен танысып ауада жазды. Саралау тапсырмалары орындалды.  Әр тапсырмалар соңында балалар бағаланып отырды. «Кім жылдам?» ойыны арқылы жаңа сабақты қортындылады.«Тик- ток» әдісі арқылы кері байланыс алынды.
     22.11.2022ж 3 «Б» сыныбында Ж.Жанбабаева  қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ ынтымақтастық атмосферасын құрылды. «Түбір»,   «Жұрнақ», «Жалғау» деп топқа бөлінді.  Өткен тақырыпқа шолу «Күтпеген сый» әдісімен алынды. Мәтінмен жұмыс жасады.  Саралаудың «Тапсырма» тәсілі  арқылы мәтіннің мазмұнына қатысты оқушы өз пікірлерін білдірді. Сергіту сәтіне нейро жаттығуы жасалынды. Сабақта «Сөздерді жұптастыру»,  «Қарқын»,  «Терме диктант»  , «Сөздер банкісі»,  «Қоқыс жәшігі» әдіс-тәсілдері қолданылды.  Кері байланыс  «Шеринг» әдісімен берілді.  Оқушылардың білімі «Тәтті баға» әдісімен, конфет жинау арқылы, конфет саны баллға ауыстырылды бағаланды. Оқушылар алған білімдері туралы  ойларымен бөлісті. 
23.11.2022ж   Бастауыш сынып мұғалімі  Д.Куланбаева 1 «Ә» сыныбында Әліппе сабағынан «Пп әрпі және дыбысы»тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақты ашу мақсатында оқушыларға «Нейро» жаттығуын орындатып, «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар  жылы  лебіздерін білдірді. «Кір жайғыш» әдісі оқушылардың  сабақты қалай меңгергенін анықтады.  «Сиқырлы доп» арқылы жаңа тақырыпты ашты. П  дыбысынан басталатын сөздерді тауып, буынға бөліп оқыды. Доп сөзіне дыбыстық талдау жасап, сурет бойынша әңгіме құрады. Сөйлем санын анықтады. Топтық   жұмыстар жүргізілді.  Саралау тапсырмалары орындалды.  ВЕНН диаграмасы арқылы б мен п дыбыстарының айырмашылығын көрсетті.  23.11.2022ж  А.Талдыбаева   1 «А» сыныбында Әліппе сабағынан «Пп әрпі және дыбысы»тақырыбында үлгілі сабақ өткізді. Сабақта  «Нейро» жаттығуы, «шаттық шеңбер», «Галлереяны аралау» , «Күзгі жапырақтар», «Пазл»  әдістерін  қолданды. «Білім теңізі» әдісін орындау барысында кемедегі берілген жасырын сөздерді оқушылар
 буынға бөліп оқыды.Доп сөзіне дыбыстық талдау жасатты Сурет бойынша әңгіме құрап,әңгімені сөйлемдерге талдады.      Сөйлем санын анықтады. Тапсырмалары орындалды. 

            23.11.2022ж    0 «Ә» сынып  Сынып жетекшісі: А.Шайвозова Сауат ашу  пәнінен  «Ии дыбысы мен әріпі» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізді.Сабақты ашу мақсатында балаларға сұрақтар қойылды. Балалар сұрақтарға жауап беріп сайқымазақ бейнесін құрастырды. Қима қағаздан. Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасады. Жұмбақ жасыру арқылы балаларға И дыбысынан басталатын өздерді тапқызды. Дыбыстық талдау жасалды. Сергіту сәтін орындады. Суретпен,  дәптермен жұмыс болды. Сабақ соңында балаларды көңілді смайликтер арқылы марапаттады.

    23.11.2022ж. Е. Баташева  3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Ы. Алтынсариннің «Бақыт құсы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастады. Үй тапсырмасын тексеруде  қонаққа  тоқылдақ құсын шақырып, «Құрт жинау» әдісі арқылы сұрақ  жауап  түрінде   қайталады. Топқа «Бақыт құсы» деген сөзді қалай түсінетіндерін постер тарату арқылы жаңа сабақты ашты. Ертегі бойынша сөдікпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар ертегіні тізбектей және рөлдерге бөліп оқып берді. Сергіту сәтінде ертегі бойынша көрініс көрсетілді. Үйге тапсырма берілді. Сабақта қолданылған көрнекіліктері, АКТ, слайдтары талапқа сай және оларды  тиімді пайдалана білді.

24.11.2022ж . Р. Парманова 1 «В» сыныбымен  математика пәнінен  «10 ға дейінгі сандарды қосу және азайту» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізді. Сабақта жағымды ахуал қалыптастырды. Өткенді пысықтау мақсатында «Доп лақтыру»  әдісін қолданды. Сабақта  «Тәтті кәмпиттерді жинайық», «Алдар Көсені қонақ етейік» ойынын қолданды. Топтық, жұптық  жұмыс жүргізілді. Саралау тапсырмасырмасында  карточкалар арқылы орындатты. 

24.11.2022  Ж.Мамырханова  Дүниетану пәнінен   «Мектеп ережелері»  тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізді. Сабақты «Көңілді күн» әуенімен бастады. Өткен тақырып бойыншы «Ой қозғау» суреттер арқылы өлең құрастырды. «Стикерлі диолог»  әдісімен  оқушылар жауап жазып, суреттер арқылы келесі оқушыға сұрақ қойды. Топтық жұмыс берілді. Оқушылар топтың ережесін,  кітапхана ережесін, асхана ережелерін құрып, өз ойларын ортаға салды. «Тәртіп бар жерде- тәрбие бар» мақалдың мағынасын түсінді. Сабақты қорытындылау мақсатында «Сынақ» әдісімен  тест тапсырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. «Сәтті күн» парақшасын толтырып,  бүгінгі сабақтан алған білімдері туралы ойларын  айтты.Үйге тапсырма берілді. Сабақта қолданылған көрнекіліктері, АКТ, слайдтары талапқа сай және оларды  тиімді пайдалана білді.

25.11.22ж   4 «Ә» сынып. М. Шагаева  әдебиеттік оқу пәнінен «Ескі қорғандардың сыры» тақырыбында үлгілі сабақ өткізді. «Ізгі тілек» әдісімен сабақты бастады. Өткен сабақ бойынша «Ыстық орындық» әдісімен  Қ.М.  Әлидің аудармасы,  О. Сүлейменовтың «Ертегі» өлеңін кезектесіп, мәнерлеп оқып берді. Өлең мазмұнын талдады. Жаңа сабақты бастауда оқушылар ребустар шешіп, шешуі болған сөздердің қорғаннан табылған жәдігерлерге жататынын айта алды. Қорғандар  туралы видеоролик көрсетілді. «Археолог» және «Археолог сыры» өлеңін талдады. Мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалған. Сабақ барысында АКТ құрылғылары пайдаланылды. Тақырып мазмұнын түсінгенін оқушылар жеке, жұптық тапсырмалар арқылы аша алды. Жеке сөздерге «Бес жолды өлең» құрастырып, оқушыларға тиімді кері байланыс берді. Оқыту мақсатына жетудің тиімді құралдарын пайдаланды. Сабақта алған білімдерін тиянақтау мақсатында тест тапсырмалары берілді. Кері байланыс «Жәдігерлер» әдісі арқылы берілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағаланды. 

25.11.22ж.  Математика пәнінен М. Нурсултанова  «1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау»  тақырыбында  0 «А» сыныбымен үлгілі ашық сабақ өтті. Сабақты ұйымдастыру кезеңін сәлемдесу өлеңі мен бастадым.Өткен  сабақты пысықтау мақсатында видео көрсету арқылы геометриялық пішіндерді қайталады. Суреттегі заттарды санап, олар санына сәйкес келетін сандарды жапсырды. Балалар карточкаларды біріктіріп, заттардың санын сәйкестендіру тапсырмасын орындады. Бауырсақ ертегісін пайдалана отырып, тапсырмаларды орындап бауырсақты құтқарды.  1-10дейінгі сандарды тура және кері санап білімдерін бекітті.

  25.11.2022ж. М. Есимбекова әдебиеттік оқу пәнінен 4 «В» сынып оқушыларымен «Кітап-асыл қазына» тақырыбанда үлгілі  сабақ өткізді.Оқушыларды тикток, инстаграм, вацап суреттері арқылы топқа бөліп, әр топқа ертегі жасырынған мозайка таратылды. Топпен жұмыстың критерийі таныстырылып, бір -бірін отшашу арқылы бағалады.   Сабақ барысында тақырыпты ашу үшін Бинго ойыны арқылы кітап туралы мақал –мәтелдің жалғасын тапқызып, жұмбақтар жасырып, кітап сөзіне сөйлем құрады. О. Сүлейменовтың өмірбаянын видеоролик арқылы көрсетіп сол бойынша балаларға сұрақтар қойылды. Ақынның «Ертегі» шығармасын кітаптан тізбектей мәнерлеп оқушылар оқыды. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, негізгі ойды анықтады. «Сөйлемді толықтыр», «Ыстық микрафон» , «Лайк» әдістері қолданды.  Барлығы өте белсенді қатысты, оларға  ұялы телефонға лайк жинау өте қызықты  болып, белсенділіктерін арттырды. 

 25.11.2022ж.  4 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Заттардың қасиеті өзгере ме?» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өтті. Сабақта «Ғажайып жылулық», «Флипли» әдісі,  бойынша бір-біріне алақан соғу арқылы сәттілік тіледі. Оқушылар -«Балға» тобы, II «Шырын» тобы, III– «Балмұздақ» тобы, ІҮ-«Қағаз» тобы деп төрт топқа бөлінді. Өткен сабақты пысықтау мақсатында әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Сабақтың өзгешелігі зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушылар тарыдан жент алу процесін бақылап, тарының қасиетінің өзгерісін анықтады. Женттің қандай қоспалар арқылы жасалатынын анықтап, қайта қалпына келмейтінін, қоспа алынатынын анықтай алды. Топтық жұмыста өрік, шие тосабы мен шабдалы, алма шырындарының қалай жасалғанына зертеу жасап, олардың қатты заттан сұйық затқа айналғанын және дәмінің, түрі мен түсінің өзгергенін бақылап, анықтама берді. Сабақты бекіту мақсатында картоптың таза немесе қоспа екенін анықтау үшін картоптан крахмал алу үдерісі көрсетіліп, картоптың крахмалға ыдырайтыны арқылы оның қоспа екені айқындалды.  Сабақта кері байланыс «Бағалы тастар» әдісімен оқушылардың  білімін  бағалады.

     29.11.22ж.  У Молдахметова 3 «Ә» сынып оқушыларымен  әдебиеттік оқу пәнінен «Керемет күмбез» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты  «Осы біздер қандаймыз?»  атты  психологиялық тренингпен басталды.  Өткен сабақты еске түсіру мақсатында  оқушылармен «Қарлы кесек» әдісі арқылы  ойнатылды.  Сұрақ-жауап мазмұндау.  

     Суреттер сөйлейді әдісі бойынша жаңа бөліммен таныстырылып, сөзжұмбақ шешті.

«Кинометафора» , «Пазл» , «Фильворд»  әдіс-тәсілдері қолданды. Әр топ берілген тапсырмаларын  уақытында орындай білді. Әр тапсырма қалыптастырушы  бағалаумен  бағаланды.Сабақты қорытындылау сәтінде Қ.А.Йассауи кесенесі жайлы мәтін берілді, кері байланысты жасады.

      28.11.22ж.  «Оқуға  құштар мектеп» жобасы аясында «Ата мектебі» бағыты бойынша «Отбасылық дәстүрлер» , «Әже мектебі» бағыты бойынша   «Ою-өрнек- өрелі өнер» , «Театр сабақтары» , «Ертегілер еліне саяхат» жобасы  бойынша       А. Байтұрсыновтың «Қасқыр мен қозы» мысалынан;  «Шалқан», « Мақта қыз», «Үйшік»  ертегілерінен   сахналық қойылым қойды. 


 Мұғалімдер апталық барысында  сабаққа жан-жақты дайындалған, сабақ барысында АКТ құралдарын қолданды. Оқушыларға тиімді кері байланыс бере отырып,, оларды оқу мақсатына жетудің тиімді құралардын пайдаланды. Сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тапсырмалар беріліп ФБ жүргізді.