"Руханият" қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Руханият" қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы
30
октябрь
2022

"Руханият" қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы

«И.Шорманов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

10.10-20.10.2022 ж аралығындағы   «Руханият» қазақ  тілі мен әдебиеті  пән бірлестігінің

«Тіл – ұлттық қазына» атты пәндік онкүндігінің  анықтамасы


        Мақсаты: оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып,  сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін  дамыту, ғылыми-зерттеу   жұмыстарына  ынталандыру. 

      10 қазан күні пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл жанашыры-Ахмет» атты қабырға газеті шығарылды. Дәл осы күні 5-11сыныптар арасында «Тіл – ұлттық қазынасы» атты ашық тізбек өткізіліп, оқушылар ұлы ағартушы А.Байтұрсыновтың   тіл туралы , өнер-білім туралы өлеңдерін жатқа оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Пән мұғалімдері «Тіл – ұлттық қазына» атты пәндік онкүндігінің басталғанын хабарлап, оқушыларды белесене қатысуға шақырды.   Ашылуында оқушылар өлең оқып, ХХ  ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшылардың бірі болған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  жүргізілетін іс-шаралармен  танысты.

       10-12 қазан аралығында 5-7 сынып оқушылары арасында «Көркем сөз – көңіл тілі» тақырыбында көркем жазу байқауы өткізілді. Қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.

       10-12 қазан аралығында  8-11   сынып оқушылары арасында  «Алаш ардақтысы-Ахмет» тақырыбында эссе    байқауы өткізілді. Қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.

 10-17 қазан аралығында  5-8 сынып оқушылары арасында  А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған ең үздік сөзжұмбақ, ребус   байқауы өткізілді. Қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.

      10-17 қазан аралығында  9-11 сынып оқушылары арасында  А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған ең үздік  буктрейлер   байқауы өткізілді. Қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.

       12 қазан күні    9-11 сынып оқушылары арасында Google форма платформасы бойынша А.Байтұрсыновтың   өмірі мен шығармашылығына арналған «Ахмет тағылымы» атты онлайн сынама жұмысы   өткізілді. Қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.

        12 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі   Б.Бейсенова  ұйымдастыруымен 7 «А» сынып оқушыларымен «Рухани денсаулық-өмірдің мәні» тақырыбында үлгілі сабақ өткізді. Сабақ барысында СТО стратегиясын, диалогтық оқыту және түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып сабақты өте жоғары деңгейде өткізді. Оқушылыр белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Сабақ соңында оқушыларға «Тик ток» әдісі бойынша кері байланыс беріліп, рефлексия жүргізілді.

       12 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  А.Бекенова "Әртүрлі көлемді, күрделі   мәтіндермен жұмыс жасау әдістері"   тақырыбында ұстаздарға арналған семинар өткізді. Семинарда қазірігі кезде    PISA   халықаралық бағалау бағдарламасы негізінде құрылған мәтіндермен жұмыс жасауды, оқушыларды оқу сауаттылығына баулу жұмысы жайлы түсінік берді. 

      13 қазан күні   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  А.Бекенова 10 "А" сыныбында  "Масғұт" поэмасы тақырыбында  үлгілі сабақ өткізді.  Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатуда  «Түрлі түсті алақан» әдісін қолданып, әр елдің салтымен сәлемдесті. Оқушылар сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысты. Шығармадағы үзінді арқылы топқа топқа бөлінді. Сабақ барысында топтық, жұптық,  жеке жұмыс,   дарынды баламен жұмыс жүргізілді. Сабақта «Концептуалды кесте», «Екі түрлі түсіндірме күнделігі», «Блум түймедағы», «Кейіпкер сыры» әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында «ҚҚҚ» әдісімен рефлексия жүргізілді.

       13 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  А.Смажанова мен К.Сарыкова мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім беру сапасын арттыру мәнмәтініндегі оқыту мазмұны және эссе жазудың әдістемесі» тақырыбында  семинар өткізді.   Семинар сабақтың мақсаты- эссенің түрлерін анықтап, құрылымдау ерекешелігін зерделеу және эссе жазудың әдістемесін түсіндіру. Іс-шара  ұстаздар арасында психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Бимен сәлем» атты тренинг жүргізіліп,мұғалімдер белсенді қатысты. Семинар сабақта  слайд арқылы эссе туралы жалпы түсінік беріліп, эссенің шығармадан айырмашлығы, эссенің түрлері, эссе жазудың алғышарттары, әдеби эссенің түрлері, оның ерешелігі туралы толық мағлұмат берілді. Практикалық бөлімінде  «Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орнын толтыру» әдісі бойынша алған білімдерін пысықтау жұмысы жүргізіліп, ұстаздар өз бетінше   еркін тақырыпта жазба жұмысын жазып, әдеби эссеге құрылымдық талдау жасады.  Іс-шара соңында «Арман гүлі» әдісі бойынша тренинг өткізіліп, семинарға қатысушылар  кері байланыс жасады.

        14 қазан күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Сарыкова 8 «А» сынып оқушыларымен «Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығы»  тақырыбында   үлгілі сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім сабақ мақсатымен таныстырып, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатты. Мұғалім тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіп, шығармадағы үзінді арқылы топқа топқа бөлінді. Сабақ барысында топтық, жұптық,  жеке жұмыс,  дарынды баламен жұмыс жүргізілді. Сабақта «Концептуалды кесте», « Сатылай кешенді талдау» әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында   рефлексия жүргізіліп, оқушылар бір-бірін бағалады.

      14 қазан күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Смажанова  9 «Ә» сынып оқушыларымен «Бұқар жырау Қалқаманұлы «Тілек»  тақырыбында   үлгілі сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім сабақ мақсатымен таныстырып, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатты. Мұғалім тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіп, шығармадағы үзінді арқылы топқа топқа бөлінді. Сабақ барысында топтық, жұптық,  жеке жұмыс,  дарынды және үлгерімі төмен баламен жұмыс жүргізілді. Сабақта «Сандар мен сөздер», «Екі жақты күнделік», «Кластер»  әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша  рефлексия жүргізілді. 

         17 қазан  күні    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бекенова ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Жарқын бейне» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағұлмат алды.   Ақын өлеңдерін оқи отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі артып, патриот болуға, ана тілін құрметтеу қажеттігін ұғынды. Сонымен бірге оқушыларды кітап оқуға шақырды.

         19 қазан күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Сарыкова  Зейнолла Қабдоловтың 95 жылдығына арналған "Зейнолла Қабдолов -көп қырлы талант" атты әдеби кеш өткізді. Әдеби кеште 9 "А" сынып оқушылары Қабдоловтың "Менің Әуезовым" роман-эссесінен, "Ұшқын","Жалын" романдарының үзінділерінен көрініс көрсетті. Қабдоловтың аудармаларымен  тыныстырып, сөзіне жазылған әндерінен видеороликтер ұсынды. Оқушылар өздері әзірлеген арнайы буктрейлер  де әзірлеген. Әдеби кеш  қазақ әдебиетіндегі орны бөлек тұлғаны жан-жақты таныта білді.

 20 қазан күні    пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен   ХХ  ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшылардың бірі болған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған  5-10 сынып оқушылары арасында  әдеби кеш өткізілді. Оқушылыр белсенділік танытып, ақынның әртүрлі тақырыптағы өлеңдерін жаттап, нақышына келтіріп оқыды.   Белсене қатысқан оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды. 



«Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті   пәні әдістемелік бірлестігі