Наурыз айында «Атамекен» бірлестігінің онкүндігі өтті. » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Наурыз айында «Атамекен» бірлестігінің онкүндігі өтті.
04
май
2024

Наурыз айында «Атамекен» бірлестігінің онкүндігі өтті.

Наурыз айында «Атамекен» бірлестігінің онкүндігі өтті. 

28.03.2023ж. Тарих пәні мұғалі А.Зурдунова 7 «А» сыныбымен «XIX ғасырдың мәдениеттің дамуы» такырыбында үлгілі сабақ өтті.  Сабақта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырды. Музыкалық аспаптар арқылы топка бөлді. Өткен тақырыпты қазақ халқының салт-дәстүрлері әдет-ғұрыптары жөнінде көрініс көрсетті.О й шақыру арқылы сұрақтар қойылды. Кинометафера әдіс арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Үлгерімі төмен оқушылармен және дарынды окушылармен жұмыс жасады топтық жұмыс 2-тапсырма мәтінмен жұмыс, зерттеуді жариялау әдісімен анықтады.Сергіту әдәсі ойын түрінде жасалды. Окушыларды есте сақтау қабілетін анықтау болды 3- тапсырма жұппен жұмыс жасады .Оқушылар күйші сазгер туралы ақпарат жинап зерттеді. Сабақ соңында сұрақ- жауап, тик ток әдісімен сабақты аяқтады. Сабақта кері байланыс, қалыптастырушы бағалау, критериалды бағалау жүзеге асты. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 

     31.03.2023 жылы М. Момбаева Мария 9 «Б» сыныбына « Жаһанданудың негізгі ерекшеліктері» тақырыбында  үлгі  сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Жаһандану үдерісінің маңызы, оның кәзіргі замандағы лаңкестік қаупінің өсуімен байланысты мәселелерімен танысу; Халықаралық лаңкестік пен экстремизм ұғымдарымен күресу жолдарын анықтау. Мұғалім сабақ басында оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады .Өткен тақырыпка шолу қазақтың ұлттық ойыны «Жамбы ату» әдісі аркылы жүзеге асты. Миға шабуыл әдісі арықылы тақырыпты ашты.   Оқушылар әлемдік жаһандануға байланысты өз ойларын айтты. Әлемдік лаңкестік оқиғаларды ұйымдастырып отырған топтар жайлы бейне баян көрсетілді. Сабақ «SWOTT» талдау, «Айтарым бар»,  «Оқиға шыңы» әдістері арқылы оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар берді. Оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындап сабаққа белсене қатысты. Мұғалім сабақтың соңында оқушыларды қанатты сөздер жазылған қаламмен марапаттап кері байланыс орнатты. 

  03.04.2023 жылы  тарих пәнінің мұғалімі Д. Құттықсеит 10 «А»сынып оқушылармен үлгілі сабақ өткізді. Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері. Мұғалім сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын «Сарыарқа» күйімен қалыптастырды. Өткен сабақты «Минуттық жауап» әдісімен, АКТ бойынша жүзеге асырды.  Жаңа тақырып бейне материал бойынша ашылды. Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушыларды жасырын ұяшық арқылы топқа бөлді .Сабақта Минуттық жауап әдісі зерттеу және талдау топтық жұмыс, түсін, талдау жеткіз әдісі арқылы топтарға мәтін ұсынып мәтін мазмұны бойынша топтық жұмыс жасады. ҚҰМ-САҒАТ әдісі бойынша жұптық жұмыс жүргізілді. Үш жақты түсіндірмесі күнделікті әдісімен дәптермен жеке жұмыс жүргізілді. Сабақтың соңында МИЛЛИОН кімге бұйырады? Әдісімен қорытындылайды және рефлексия пирамидасы әдісімен кері байланыс орнатты.

     29.03.23 М. Момбаева «Дарынды окушы ұлт болашағы,  дарынды оқушыларды ғылыми жобаға дайындаудың ережелері» атты тақырыпта коучинг өткізді. Мақсаты :дарынды оқушының ізденушілік қасиетін калыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Зерттеу жұмысымен айналысу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Коучингті психологиялық тренигпен бастап ұстаздардың бойына өзіне деген сенімділік ұялатты. Оқушыларды ғылыми-жобаға кезеңдерімен таныстырып өз тәжірибесіндегі шығармашылық жұмысымен бөлісті. 

31.03.2023 жылы Д.  Құттықсеит «Үлгерімі төмен окушылармен жұмыс» тақырыбында  коучинг өткізіді.Мақсаты: үлгерімі төмен окушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру мемлекеттік стандартты меңгерту. Коучинг барысында ұстаздармен тренинг жүргізді. Мұғалімдерді бейнеролик арқылы ой қозғап, пазл арқылы 3- топқа бөлді. Топпен жұмыс жасады.Сұрақ қою арқылы жеке жұмыс болды ойлан, жұптан ой бөліс арқылы жұптық жұмыс жүргізді. Мұғалімдер «3-2-1» әдісімен коучинг соңында кері байланыс жасады . 

       Апталықтың қорытындысы сканворд, кроссворд, ұлы тарихи тұлғалар және картадан орта ғасырдағы қалалар ды табуда және шешкен оқушыларды марапаттаумен аяқтады.