Қаңтар айында «Лингвист» орыс тілі мен ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылды. » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қаңтар айында «Лингвист» орыс тілі мен ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылды.
04
май
2024

Қаңтар айында «Лингвист» орыс тілі мен ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылды.

18-19. 01.2023ж күні   мектеп фойесінде «English in our life», «Все языки хороши »  апталықтың ашылуына  «Лингвист» ӘБ  ұйымдастыруымен қабырға газеті шығарылды. Газетте сканвордтар, сұрақтар, ақын-жазушылардың шығармашылығы жайлы ілінді.

  «Лингвист»  әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде 8-сыныптар арасында  «English in our life» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру, лексико – граматикалық білімдерін шыңдау, топта жұмыс жасай білуге үйрету, есте сақтау, ойлау, оқу қабілеттерін дамыту.

Сайыс 3 кезеңді қамтыды. 

I. Magic 5

II. Letter starts

III. Odd one out

Әр кезең бойынша тапсырмаларды жауапты пән мұғалімдері түсіндіріп,оқушылар белсенді жауап беріп,сайыс тартысты өтті. Нәтижесі айтылып, сайыс қорытындыланды.

 20.01. 2023 ж «Знатоки  сказок»  атты конкурсты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  Г. Адильбекова ,  А. Биримбаева  өткізді. 

   23.01.2023ж  А.   Сисенбай 10 «А» сыныбында  «The Human brain»;   23.01.2023ж  4 «Ә» сыныбында А.  Биримбаева «Какие бывают дожди?»;   8 «А» сыныбында М. Жумадилова К.Мырзалиев ,"Красная книга"  ; 24.01.2023ж                                   8 «В» сыныбында  А. Асылбекова Олжас Сулейманов «Волчата»;  26.01.23. 8 «В» сыныбында  А. Зиналын « Reading for pleasure»;  27.01.2023ж  3 «Б»  сыныбында  Г. Турдиева «Искусство словесности»;   27.01.2023ж   5 «Ә» сыныбында                  Г.  Адильбекова  «Промелькнувший метеор» , 24.01.23. 5 «Ә» сыныбында  Р. Кабулова  Past  simple(Interrogative) , 30.01.       8 «А» сыныбымен  Г. Сахибек « Nouns: art»   тақырыбында үлгілі сабақтар өткізді. 

 Және де  пәндік сыныптан тыс іс-шаралар да ұтымды ұйымдастырылды .  23-27.01.2023ж орыс тілі мен әдебиеті пәнінің М. Жумадилова, А.  Асылбекованың ұйымдастыруымен   (23.01) Разработка и создание буктрейлеров               к произведениям великих русских писателей в  «Мире литературы»; (25.01)  Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері                          7 сыныптар арасында  «Graffiti wall by short poems» тақырыбында;  орыс  тілі  мен  әдебиеті пәнінің  А. Асылбекова , Г.  Адильбекова Г, А. Биримбаева  5-6 сыныптар арасында 26.01.«Своя игра» 25-27.01 8 «Б» сыныбымен А.  Сисенбай   “My favourite book” тақырыбында буктрейлер; 30.01. «Юные чтецы»  жобасын өткізді.  31.01 «Здравствуй, зимушка – зима!»  тақырыбында онкүндіктің жабылуы өтті.  «Лингвист» пән бірлестігінің онкүндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

     Ақпан айында «Парасат» химия, биология, география пән бірлестігінің онкүндігі өтті.  

    06 ақпан күні  химия, биология, география пәндерінен  «Жаратылыс  сыры-ғылымда »   атты жаратылыстану ғылымдарына  арналған онкүндіктің  ашылуы өтті. Ашылуында оқушылар мен ұстаздар жаңа химия кабинетінің ашылуын  салтанатты түрде ұйымдастырды.  Онкүндіктің ашылуына орай  ұйымдастырылған  іс-шараға  мұғалімдер мен  оқушылары белсене қатысты. Ребустар, түрлі логикалық тапсырмалар орындады.  Мектеп директоры                             М. Даулетова мен ардагер ұстазымыз С.Конырбаева  жаңа химия кабинетінің  ашылу   рәсімінің лентасын кесіп,  ізгі тілегін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

  

   07 ақпан күні  «Жаратылыс  сыры-ғылымда » атты жаратылыстану ғылымдарына  арналған онкүндік барысында биология пәнінің мұғалімі Д. Шерганакова  8«В» сыныбымен «Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары» атты ашық сабақ өткізіді. Сабақта «Q-код», «Досымның суреті», «Жарық» әдістерін қолданды. Аудио, видео жазбалар берілді.  Оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Берілген білімнің  өмірмен байланысы  «Қуыршақтың табаны»   арқылы  жалапақтабандылыққа тәжірибе жасады. Топтық, жұптық, жекелеген жұмыстар жүргізілді. «Бір ауыз сөз» арқылы кері байланыс жасалды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғары екені  анық байқалды. 

          10-ақпан күні «Жаратылыс сыры-ғылымда» атты жаратылыстану ғылымдарына  арналған онкүндік барысында биология пәнінің мұғалімі М. Курбонкулиева 7 «А» сыныбымен «Ми. Үлкен ми сыңарлары. Ми бөлімдері» тақырыбында ашық сабақ өткізіді. Сабақта «Flippity», «Wordwaal» платформалары арқылы және «Футбол ойыны», «Кубизм», «Мені тап»,  «Моделдеу»  әдістерін қолданды. Сабақтың басында «Білім патшалығы» әдісімен оқушыларға конвертпен тапсырмалар таратылды. Бағалау шкаласы «Білім заряды» әдісіменде бағалау жүргізілді. Аудио, видео жазбалар берілді.  Оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Тақырыпты өмірмен байланыстыра білді.  «Нейрожаттығу» жасады. Пәнаралық байланыс, саралау тапсырмалары орындалды. Топтық, жұптық, жекелеген жұмыстар жүргізілді. «Білім почтасы» арқылы кері байланыс жасалды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғары екені  анық байқалды.

Сондай-ақ география пәнінің мұғалімі Б. Туркебаева, химия пәнінің мұғалімдері Г.Бажимова, Р. Абуқызы, биология пәнінің мұғалімдері М. Курбонкулиева, Д. Шерганакова сыныптан тыс пәндік іс-шаралар, тәжірибе алаңын, зерханалық жұмыстар мен  үлгілі сабақтар өткізді. Жаңадан қолданысқа берілген химия кабинетінің жаңа заманауи үлгіде жабдықталуы сабақтардың қызықты, әрі тәжірибе мен теорияны ұштастыруға үлкен мүмкіндік берді.