Сәуір айында «Қайсар» дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің онкүндігі өтті. » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сәуір айында «Қайсар» дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің онкүндігі өтті.
04
май
2024

Сәуір айында «Қайсар» дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің онкүндігі өтті.

 Сәуір айында  «Қайсар» дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка пән  бірлестігінің онкүндігі өтті. 

«Қайсар» әдістемелік пән  бірлестігі (04.04-14.04.2023ж аралығында өтетін)  

4-сәуір күні көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері онкүндіктің ашылуына орай арнайы көрме, концерттік бағдарлама, мастер класс  ұйымдастырды. Домбырашылар ансамблі күй тартып, халық әндерін орындады. Пән мұғалімдері жаңаша тәжірибелерімен бөлісіп, «Спорт –таусылмас азық, өнер-сарқылмас байлық» атты онкүндігін ашық деп жариялады.   Шеберлік – шегі жоқ байлық болса,  ақыл – парасат тәжірибеден туатыны хақ!

5-сәуір  күні  көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ж. Ешингалиева «Бақша гулдері. Дымқыл қағазға сурет салу» тақырыбында 2 «Ә» сыныбымен  үлгі сабақ өтті.  

Сабақ барысында «А-ля прима» әдісімен таныстырды. Оқушылар акварель краскамен  дымқыл қағазға сурет салып, шығармашылық жұмыспен айналысты.  Пән мұғалімі сурет салу барысында  қауіпсіздік ережелерін еске салды. Оқушылар өткен тақырыптарға шолу жасады. Берілген суреттердің ішінен натюморт, пейзаж, «А-ля прима» туралы білімдерін көрсетіп, түстерге қатысты тұжырдарды айтты. Сабақ соңында көркем еңбек пәнінің мұғалімі  Ж. Ешингалиева әріптесі  Н. Ержановтан   оқушылардың  жұмысын бағалап беруін сұрады. Н. Ержанов ерекше көзге түскен оқушылардың жұмысын атап өтіп, оларға оң бағасын  берді. 

Бұл әдіс пән мұғалімдерінің сабақ барысында өзара тығыз байланыс орнатылғанын көрсетті.

    6-сәуір  күні  Е. Нусипова  «Су әуені» атты тақырыпта 3 «Б» сыныбымен  үлгі сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар суға қатысты мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді айтты. Судың  химиялық қасиеті мен  физикалық күйін айта білді. Сондай-ақ  пәнаралық  байланысы  (дүниетану сабағымен) жүргізілді. Пән мұғалімі тәжірибе барысында  түрлі пішіндегі стакандарға су құйып,  әуен шығарып, түрлі тәжірибелер көрсетті. Су дыбыстарынан шығатын әуендерді тыңдатты.Балалар сабаққа аса қызығушылықпен қатысты. Сабақ соңында кері байланыста оқушылар өз ойларымен бөлісті. 

       04.04-14.04.2023ж аралығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж. Аманбаев, К. Биримбаев, К. Парманов,                Д. Шерганаков, Д. Сугирбаев, А. Жанузаков дене шынықтыру сабағынан үлгілі сабақтар көрсетті. Сабақты бастамас бұрын ең бірінші кезекте өмір өауіпсіздігі ережесімен таныстырды. Дене қыздыру жаттығуларыларымен бастап, «Сиқырлы сандық» , «Кім жылдам», Екі жақты ойын: «Волейбол», «Көңілді ойындар», «Мен чемпион» «Санамақ», «Қазына іздеу», «Көкпар» т.б түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізді.

Жалпы дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіріп,  дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; түррлі жаттығулар  арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.