"Дарынды бала-ел болашағы" » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2024

"Дарынды бала-ел болашағы"

2022 жылдың 23 қыркүйек күні 3-10 сынып оқущылары арасында «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқуы байқауының аудандық кезеңі өтті . Аудандық кезеңде  8- сынып оқушысы Сейітбай Альбина ІІІ орынды иеленді.    
      2022 жылдың 24 қыркүйек - 04 қазан аралығында «Кенгуру- математикалық барлығы үшін» атты халықаралық ойын конкурсы өтті.  Конкурсқа -52 оқушы қатысты. І орынды 3 оқушы, ІІ орынды -1, ІІІ орынды-5 оқушы иеленді. 41-оқушы қатысқаны үшін сертификат алды.  
     2022 жылдың 19 қыркүйектен 19 қазанына дейін оқушылар тіркеліп 8 сыныптан Райымбек  батыр атындағы орта мектебінің базасында аудандық  «IQanat» республикалық олипиадасына  қатысты.  Оқушылар математика,физика, биология , география,ағылшын тілі  пәндерінен тест тапсырып, бақтарын сынады. Аудандық  кезеңге 25 оқушы қатысты. ІІ кезеңге 10 оқушы өтіп, Қонаев қаласына барып бақ сыныды. І кезеңнің жеңімпаздары болған осы оқушыларға сертификат пен Айқанат журналы табыс етілді. Ал, 8 А сынып оқушысы Даниярұлы Саян, 8Б сынып оқушысы  Баян Темірлан ІІІ кезеңінде Астана қаласында болып, «IQanat» олимпиадасының финалисті және Қордың 3-жылдық сүйемелдеу бағдарламасының қатысушылары атанды.  Бұл да үлкен жетістік.  
2022-2023 оқу жылының  26 қазанда   ҚР Оқу -ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен  «Дарын», « Зерде

        2022 жылдың   13 қазан күні    11 сынып оқушыларының    арасында жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиадаға мектеміздің 11 сынып оқушылары  математика, физика, химия, биолигия пәндерінен оқушылар қатыстырылып, пән мұғалімдері  ауданға Әуесхан Әсемді ұсынылды. Күзгі демалыста 5-11 сынып оқушыларының арасында мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика , биология, химия, биология, тарих , география  пәндерден пән олимпиадасы жүргізіліп 47 оқушы қатысты. 39 оқушы келесі аудандық кезеңге өтті. 
5-11 сынып оқушылары арасында  «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарих пәндерінен аудандық  олимпиадаға қатысты. Қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінен   10 «А» сынып оқушысы Қарабек Әсем /жетекшісі К. Сарыкова/, жаратылыстану пәнінен 6 «Ә» сынып оқушысы Дүйсен Аяулым / жетекшісі М. Курбонкулиева/ аудандық ІІ дәрежелі дипломмен; география пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Тлеужан Ақпейіл /жетекшісі М. Даулетова/, орыс тілі пәнінен 9 «Ә» сынып оқушысы Каримов Абдулькарим/ жетекшісі М. Жумадилова/, информатика пәнінен 8 «А» сынып оқуышы  Көшербай Дархан                              / жетекшісі А. Губашева/ аудандық ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.