«Өркен» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің он күндік жұмыс жоспары Тақырыбы : «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ» » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өркен» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің он күндік жұмыс жоспары Тақырыбы : «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ»
25
ноябрь
2022

«Өркен» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің он күндік жұмыс жоспары Тақырыбы : «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ»

 Бекітемін

                                                                                               Мектеп директоры .......................

                                                                                                                                   М.Даулетова

            «И.Шорманов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 оқу жылы

«Өркен» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің он күндік жұмыс жоспары

Тақырыбы : «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ»

Мақсаты :Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін,

шығармашылығын дамыта отырып, өзара тәжірибе алмасу.

Міндеттері :

     1.Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

     2.Білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын  көрсету

     3.Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету

     4.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау

     5.Оқушылардың бойында жоғары мәдениеттілік қасиетті қалыптастыру

     Өтетін мерзімі : 22 .1102.12.2022 жыл


Пәні,  сабақ тақырыбы

Сыныбы 

Мерзімі

Жауапты 

1

Оқыту-семинар 

«Бастауыш сынып пәндерінің оқытылу құзыреттілігін дамыту»


22.11.2022ж

12:00

Пәндік курстан өткен мұғалімдер

Шагаева М.Р

Шерганакова А.А

Молдахметова У.О

2

Әліппе  «Әә дыбысы мен әрпі»

1 «Б»

22.11.22ж

І ауысым

08:00

Утешова Р.С

3

Қазақ тілі «Түбір мен қосымша»

3 «Б»

22.11.22ж

ІІ ауысым

14:20

Жанбабаева Ж.Ж

4

Әліппе «Пп дыбысы мен әрпі»

1 «Ә»

23.11.22ж

І ауысым

8:00

Куланбаева Д.Д

5

Әліппе  «Пп дыбысы мен әрпі»

1 «А»

23.11.22ж

І ауысым

8:50

Талдыбаева А.Д

6

Сауат ашу «Ии дыбысы мен әрпі»

0 «А»

23.11.22ж

ІІ ауысым

13:45

Шайвозова А.Б

7

Қазақ тілі «Сұраулы сөйлем»

2 «Б»

23.11.22ж

ІІ ауысым

14:20

Дәуітханова М.Қ

8

Әдебиеттік оқу 

«Мектепке барар жолымыз»

2 «Ә»

23.11.22ж

ІІ ауысым

15:10

Қойшыбаева Д.Ж

9

Әдебиеттік оқу

«Бақыт құсы»

3 «А»

23.11.22ж

ІІ ауысым

16:00

Баташева Е.Қ

10

Математика «10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту»

1 «В»

24.11.22ж

І ауысым

08:50

Парманова Р.Т

11

Дүниетану

«Мектеп ережелері»

2  «А»

24.11.22ж

ІІ ауысым

15:10

Мамырханова Ж.Ж

12

Математика «Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі»

4 «Б»

25.11.22ж

І ауысым

08:00

Шерганакова А.А

13

Әдебиет «Кітап асыл қазына»

4 «Ә»

25.11.22ж

І ауысым

8:50

Шагаева М.Р

14

Математика « 10 саны тура және кері санау»

0  «Ә»

25.11.22ж

І ауысым

09:40

Нұрсултанова М.Н

15

Әдебиет «Кітап асыл қазына»

4 «В»

25.11.22ж

І ауысым

4 сабақ

Есімбекова М.Ч

16

Жаратылыстану «Заттардың қасиеті өзгерема?»

4 «А»

25.11.22ж

ІІ ауысым

15:10

Актанова Ч.И

17

Әдебиеттік оқу «Керемет күмбез»

 3 «Ә»

29.11.22ж

ІІ ауысым

15:10

Молдахметова У.О

18

Оқуға құштар мектеп

«Ата мектебі»  «туыстық атаулар»  «Қамшы өру»

3 «Б»

 28 .11.22ж

ІІ ауысым

13:30

Жанбабаева Ж.Ж

19

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында

«Ертегілер елінде»

0 – 4

сыныптар

01.12.2022ж

12:00

Бастауыш сынып мұғалімдері 

Катеева Ш.А

20

Коучинг: Бастауыш сынып оқушыларының  функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыс үлгілері.


02.12.2022ж

12:00

Мамырханова Ж.Ж

Парманова Р.Т

Утешова Р.С





Директордың  оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :                             Бейсенова Б.С

Бастауыш  әдістемелік бірлестік жетекшісі :                                            Молдахметова У.О                                                                                       


















«И.Шорманов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 


«Өркен» бастауыш сынып әдістемелік бірлестік апталығының

АНЫҚТАМАСЫ

«Өркен» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің он күндік жұмыс жоспарының тақырыбы «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ»

Мақсаты :Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін,шығармашылығын дамыта отырып, өзара тәжірибе алмасу.

Міндеттері :

      1.Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

      2.Білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын  көрсету

     3.Жас мамандарға  әдістемелік көмек көрсету

      4.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау

      5.Оқушылардың бойында жоғары мәдениеттілік қасиетті қалыптастыру

      Өткізілген мерзімі : 22 .11- 02.12.2022 жыл


       Бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталығында  іс-тәжірибе тарату мақсатында «Бастауыш сынып пәндерінің оқытылу құзыреттілігін дамыту» атты оқыту семинарымен бастады. Оқыту семинарында курстан өткен мұғалімдер: Молдахметова У, Шагаева М, Шерганакова А  өз тәжірибелерімен бөлісті.


 




Сынып: 1 «Б»

Күні:22.11.2022ж 

Бастауыш сынып мұғалімі Р Утешова  1 « Б» сыныбында Әліппе сабағынан                           «Әә әрпі және дыбысы»тақырыбында   ашық сабақ өткізді. Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ыстық құшақ» әдісі арқылы жылулық шеңбері өткізілді. «Сиқырлы сандықша » әдісі арқылы өткен ережелерді қайталап еске түсірді. «Тікұшақ» әдісі  арқылы өткен әріпті бойынша сөздерді оқытты.«Миға шабуыл »әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Сиқырлы әліппе видеосы арқылы жаңа дыбысымен таныстырды . Әже сөзіне дыбыстық талдау жасатты .Сурет бойынша әңгіме құрап,.әңгімені сөйлемдерге талдады. Сөйлем санын анықтады.Али мен Ая  видео жазбамен қосылып әнұранды айтылды. Қазақстан  

мемлекеттікрәміздерімен таныстырылды.Топптық   жұмыстар жүргізілді.

Ә әріпінің таңбасымен танысып ауада жазды . Жіппен Ә әріпін жазды Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастырылды. Саралау тапсырмалары орындалды. Әр тапсырмалар соңында балалар бағаланып отырды .                                                                                               Кім жылдам ? ойыны арқылы жаңа сабақты қортындылады.«Тик- ток» әдісі арқылы кері байланыс алынды.


 


Сынып: 3 «Б»

Күні:22.11.2022ж 

3 "Б" сыныбында қазақ тілі пәнінен өткен ашық сабақ сынып жетекшісі Жанбабаева Ж.Ж 

Сабақ тақырыбы:  "Түбір мен қосымша"

Сабақ мақсаты: мәтін мазмұны бойынша  пікір білдіруге бағытталған сұрақтар  құрастырады және жауап береді. Түбір сөздегі -ы,  - і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанатын кездегі өзгерісін сақтап жазу.  

Сабақ ынтымақтастық атмосферасын құру және "Түбір",   "Жұрнақ"," Жалғау" тобы болып бөлінуден басталды.  Өткен тақырыпқа шолуды "Күтпеген сый" әдісімен сұрақтарға жауап алынды.  Келесі кезеңде  оқушылар мәтінмен жұмыс жасады.  Жаңа тақырып түсіндірілді. Саралаудың "Тапсырма" тәсілі  арқылы мәтіннің мазмұнына қатысты оқушы өз пікірлерін білдірді. Сергіту сәтіне нейро жаттығуы жасалынды. Сабақта "Сөздерді жұптастыру",  "Қарқын",  "Терме диктант"  , "Сөздер банкісі",  " Қоқыс жәшігі" әдіс-тәсілдері қолданылды.                                                                                               Кері байланыс  "Шеринг" әдісімен берілді.  Оқушылардың білімі "Тәтті баға" әдісімен, конфет жинау арқылы бағаланды.Соңында жинаған конфет саны баллға ауыстырылды. Оқушылар бүгінгі такырыптан алған білімі туралы  ойларымен бөлісті.


   

Сынып: 1 «Ә»

Күні:23.11.2022ж 

    Бастауыш сынып мұғалімі Д.Куланбаева 1 « Ә» сыныбында Әліппе сабағынан «Пп әрпі және дыбысы»тақырыбында  ашық сабақ өткізді. 

Сабақты ашу мақсатында оқушыларға «Нейро» жаттығуын орындатып, «шаттық шеңбер» әдісі арқылы оқушылар  ашық сабаққа деген жылы  лебіздерін білдірді. «Кір жайғыш» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін білу үшін жетелеуші

сұрақтар қойды. Жаңа тақырып «Пп дыбысы және әрпі» бойынша оқушыларға доп арқылы жаңа тақырыпты құрастырды.

П дыбысынан басталатын сөздерді оқушылар өздері тауып,

буынға бөліп оқыды.

Доп сөзіне дыбыстық талдау жасатты Сурет бойынша әңгіме құрап,.әңгімені сөйлемдерге талдады. Сөйлем санын анықтады. Топтық   жұмыстар жүргізілді.

Пп әріпінің таңбасымен танысып ауада жазды . дәптерімен жұмысты ұйымдастырылды. Саралау тапсырмалары орындалды.ВЕНН диаграмасы арқылы 

б мен п дыбыстарының айырмашылығын көрсетті.


 

Сынып: 1 «А»

Күні:23.11.2022ж 

А.Талдыбаева   1 « А» сыныбында Әліппе сабағынан «Пп әрпі және дыбысы»тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақты ашу мақсатында оқушыларға «Нейро» жаттығуын орындатып, «шаттық шеңбер» әдісі арқылы оқушылар  ашық сабаққа деген жылы  лебіздерін білдірді. «Күзгі жапырақтар» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін білу үшін жетелеуші сұрақтар қойды. Жаңа тақырып «Пп дыбысы және әрпі» бойынша оқушыларға «Галлереяны аралау» әдісі арқылы суретпен жұмыс істеу арқылы мәтін құрастырды. 

«Білім теңізі» әдісін орындау барысында кемедегі берілген жасырын сөздерді оқушылар

 буынға бөліп оқыды.

Доп сөзіне дыбыстық талдау жасатты Сурет бойынша әңгіме құрап,.әңгімені сөйлемдерге талдады. Сөйлем санын анықтады. Топптық   жұмыстар жүргізілді.

Пп әріпінің таңбасымен танысып ауада жазды . дәптерімен жұмысты ұйымдастырылды. Саралау тапсырмалары орындалды.ВЕНН диаграмасы арқылы б мен п дыбыстарының айырмашылығын көрсетті.


 


Сынып: 0 «Ә»

Күні:23.11.2022ж 

"0 «Ә» сынып  Сынып жетекшісі: А.Шайвозова

Сауат ашу  пәнінен  "Ии дыбысы мен әріпі" тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізілді.

Сабақ мақсаты: 1. И дыбысы мен әрпімен таныстыру.
 2. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.
 Білімділік мақсаты:
 1. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуға үйрету.
 2. Балалардың сөздік қорларын байыту.
 Дамытушылық мақсаты:
 1. И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту.
 2. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, сөйлеуге жетелеу.
 Тәрбиелік мақсаты:
 
1. Балалардың өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
 2. Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақты ашу мақсатында балаларға өткен сабақтағы әріптерді қайталау арқылы сұрақтар қойылды. Балалар сұрақтарға жауап беріп сайқымазақ бейнесін құрастырды. Қима қағаздан.

Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасады. Цирк сөзінің ішіндегі жалғыз дауысты дыбысты анықтап, тақырыпты аштық. Және жұмбақ жасыру арқылы балаларға И дыбысынан басталатын өздерді тапты. Дыбыстық талдау жасалды. 

Сергіту сәтін орындады. Суретпен жұмыс. Әліппе дәптермен жұмыс жасалды.

Сабақ соңында балалрды көңілді смайликтер арқылы марапаттадым.

 



 Сынып: 2 «Б»

Күні:23.11.2022ж 

2 б сынып Сынып жетекшісі: М.Дәуітханова Қазақ тілі пәнінен  "Сұраулы сөйлем" тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізілді.

Сабақ мақсаты: Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап диалогқа катысу

Сабақты ынтымақтастық атмосфераны құру мақсатында басталды.

Өткен тақырып "Бауырсақ" әдісімен сұрақтарға жауап алынды. Келесі кезеңде тақырыпты ашу мақсатында "Сұрақтар жаңбыры" әдісі арқылы бүгінгі өткелі отырған сабағымызды білдік. Келесы кітаппен мәтінмен жұмыс болды.

Сергіту сәті тақырыпқа байланысты тыныс белгілерін көрсету болды.

Топпен жұмыс үш топка топтық тапсырмалар берілді.

Осы жерде тақырыпқа байланысты тыңдалым болды.

Үш топ "Қазына іздеу" әдісі арқылы топта ұйымшылдықпен, тапқырлық пен жұмыстарын көрсетті, айтты.

Келесы тапсырмада Саралау тапсырмалары беріліп балалар өз деңгейлері бойынша орындады.

Сабақ мақсатына байланысты балалар диалог құрастырып рөлге бөліп оқыды.

Балалар смайликтерді жинап, санау арқылы балдық бағамен бағаланды.

Балалар кері  байланыс бере отырып бүгінгі сабақтан алған білімі туралы ойларын ортаға салып айтты.

 


 Сынып: 2 «Ә»

Күні:23.11.2022ж 

2 Ә сынып оқушыларымен Әдебиеттік оқу пәнінен "Мектепке барар жолымыз" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Койшыбаева Дамегул.

Сабақ мақсаты: Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың басында оқушылармен ынтымақтастық атмосферасы құрылды.

Өткенді пысықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылды. Сұрақтарға "Балмұздақ таяқшасы" тәсілі бойынша жауап беріліп, бағаланды.

Оқушылар жаңа тақырыптың оқу мақсатымен танысты. Оқулықтағы 1 тапсырмада көлік құралдарын атап, оларды сипаттап айтты.

2 тапсырма "Түсініп оқу" әдісі бойынша жүргізілді. Оқушылар мәтінді түсініп оқып, сол бойынша топтарға бөлініп, жұмыс жасады. Топтардың жұмысы қорғалып, бір-бірін бағалады. Мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жүргізілді. 

Топтық жұмыстан соң сергіту жаттығуы жасалды.

3 тапсырма "Ашық хат" әдісі арқылы жүргізілді. Әр топтан бір оқушы тапсырма жазылған хатты таңдап, топ ішінде талқылады. Топтан бір оқушы тапсырманы қорғады. "Күлегеш жұлдыз" қб бағаланды.

4 тапсырма Мақалды оқып, мәтінмен байланысы түсіндірілді. Дәптерге жұмыс жүргізілді.

5 тапсырма "Сұрақ-жауап" әдісі арқылы жүргізілді.

Сабақ соңында сабақты қорытындылап, оқушылар бүгінгі сабақтан қандай жаңа білім алғандары туралы бөлісті.

Үйге тапсырма берілді. 

Рефлексия "Жайқалған ағаш" әдісі арқылы жүргізілді.


 


Сынып: 3 «А»

Күні:23.11.2022ж 

 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Ы. Алтынсарин «Бақыт құсы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі Е. Баташева.

   Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастады. Үй тапсырмасын қонаққа  тоқылдақ құсын шақырып, «Құрт жинау» әдісі арқылы сұрақ  жауап  түрінде   қайталады. Топқа бөлу арқылы «Бақыт құсы» деген сөзді қалай түсінетіндерін постер тарату арқылы жаңа сабақты ашты. Әр топ өз пікірлерін айтты. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен оқушыларды таныстырды. «Бақыт құсы» ертегісінің авторы Ы. Алтынсарин туралы түсінік берілді.   Мұғалім ертегіні оқушыларға оқып берді. Ертегі бойынша сөдікпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар ертегіні тізбектей және рөлдерге бөліп оқып берді. Сергуіту сәтінде ертегі бойынша көрініс көрсетілді. Топтық жұмыс жүргізілді. 1 топ Бақыт құсын сипаттап жазды. 2 топ Бақыт құсына тілек жазды. 3 топ ертегі бойынша 5 сұрақ құрап жазды. Әр топ өз тапсырмаларын қорғады. Дәптермен жұмыс жүргізілді. Үйге тапсырма берілді. Сабақта қолданылған көрнекіліктері, АКТ, слайдтары талапқа сай және оларды  тиімді пайдалана білді.



Сынып: 1 «В»

Күні:24.11.2022ж 

 Математика пәнінен

 "10 ға дейінгі сандарды қосу және азайту" тақырыбында 1"В" сынып   окушыларымен үлгілі ашық сабақ өткіздім.

Мақсаты: Біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу, және қолдану.

Сабақтың барысын оқушыларда психологиялық ахуал қалыптастырудан бастадым. Өткенді пысықтау мақсатында "Доп лақтыру" әдісін қолдану арқылы оқушылардың білімдерін нақтыладым. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында

1- тапсырманы орындау үшін " Тәтті кәмпиттерді жинайық" ойынын ойнаттым.

2- тапсырманы Жұптық жұмыс ретінде алып, оқушыларға орындаған жұмыстарын көршілеріне тексерттім. 

3- тапсырманы орындау үшін "Алдар Көсені қонақ етейік" ойынын қолдандым.

4- тапсырманы Топтық жұмыс ретінде алып, орындаттым. 

5 - тапсырманы саралау тапсырмасы ретінде алып, 3 деңгейге бөліп, оқушыларға карточкалар таратып, орындаттым. Сабақта қойған мақсатыма жеттім.

 





Сынып: 2 «А»

Күні:24.11.2022ж 

Сынып жетекшісі: Ж.Мамырханова 

Дүниетану пәнінен   "Мектеп ережелері" тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізілді.

Сабақ мақсаты: Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлға аралық мінез құлық нормаларын түсіндіру.

Сабақты ынтымақтастық атмосфераны құру мақсатында басталды.

Өткен тақырып бойыншы «Ой қозғау» суреттер арқылы өлең құрастырды.

 "Стикерлі диолог" әдісімен оқушыларға стикер берілді, оқушылар сұрақтарға жауап жазып, келесі оқушыға сұрақ қойылды. Оқулықта берілген суреттер арқылы сұрақтар қойылды. Келесі оқулықтағы мәтінмен  жұмыс жүргізілді.

Топпен жұмыс үш топка топтық тапсырмалар берілді.

Оқушылар топта сынып ережесі, кітапхана ережесі, асхана ережелерін құрып, өз ойларын ортаға салды.

Келесы тапсырмада  Мағынаны тану. «Тәртіп бар жерде- тәрбие бар» мақалдың мағынасын түсінді. 

Жұптық жұмыста «Сөзді жазып аяқта» тапсырмасы берілді. 

Сергіту сәтін орындады. Ары қарай Суретпен жұмыс «Салыстыру»

Сабақты қорытындылау мақсатында «Сынақ» әдісі тест тапсырмалары жүргізілді.

Сабаққа оқушылар белсене қатысты.

Сабақ соңында кері байланыс жүргізілді. Бүгін менің күнім сәтті өтті.парақшасын оқушылар толтырды.

Балалар кері  байланыс бере отырып бүгінгі сабақтан алған білімі туралы ойларын ортаға салып айтты.

Үйге тапсырма берілді. Сабақта қолданылған көрнекіліктері, АКТ, слайдтары талапқа сай және оларды  тиімді пайдалана білді.


 



Сыныбы: 4  «Ә»

Сынып жетекшісі: Шагаева Мөлдір Ракымбаевна

 Күні: 25.11.22ж                                                             

Тақырыбы: Ескі қоғандардың сыры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 

4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, 

аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану.

Сабақтың мақсаты:   Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табады және оларды қолданады.

4 «Ә» сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Ескі қорғандардың сыры» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ оқушылармен ерекше ынтымақтастық атмосферасын орнатумен басталды. Өткен сабақты еске түсіре отырып «Ыстық орындық» әдісі бойынша үйге мәнерлеп оқуға берілген Қадыр Мырза Әлидің аудармасы, Олжас Сүлейменовтың «Ертегі» өлеңін кезектесіп, мәнерлеп оқып берді. Өлең мазмұнын талдауға арналған сұрақтарға жауап берді. Жаңа сабақты бастауда оқушылар ребустар шешіп, шешуі болған сөздердің қорғаннан табылған жәдігерлерге жататынын айта алды. Жаңа тақырып мазмұнын ашу мақсатында қорғандар  туралы видеоролик көрсетілді. Видеоролик мазмұны бойынша түсінгендерін қысқаша өз ойларын жеткізді. «Археолог» және «Археолог сыры» өлеңдерін өз беттерінше оқып, мұғалімнің көмегімен өлең мазмұнына талдау жасалды. Өлең авторлары Байбота Серікбаев және Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша мәліметтер берілді. Мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалған. Сабақ барысында АКТ құрылғылары пайдаланылды. Тақырып мазмұнын түсінгенін оқушылар жеке, жұптық тапсырмалар арқылы аша алды. Жеке сөздерге «Бес жолды өлең» құрастырып, қосымша тапсырмаларды қорындады.   Оқушыларға тиімді кері байланыс бере отырып, оларды оқыту мақсатына жетудің тиімді құралдарын пайдаланды. Сабақта алған білімдерін тиянақтау мақсатында тест тапсырмалары берілді. Өткен тақырыптар бойынша мәтін мазмұнын түсінгендерін оқушылар жұптық тапсырмалар орындау арқылы көрсетті. Кері байланыс «Жәдігерлер» әдісі арқылы берілді. Сабаққа қатысқан оқушылар белсенділік танытты.

Сабақ барысында оқушылардың алған балы  «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағаланды. 


 

Математика пәнінен "1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау. Тақырыбында   0"А" сыбымен үлгілі ашық сабақ өтті.

Мақсаты: 1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау.Заттардың саны бойынша сәйкестендіру, олардың реттік нөмірін атау.

Сабақты ұйымдастыру кезеңін сәлемдесу өлеңі мен бастадым.Өткен с сабақты пысықтау мақсатында видео көрсету арқылы геометриялық пішіндерді қайталады.

1-тапсырма Суреттегі заттарды санап, олар санына сәйкес келетін сандарды жапсырды.

2-тапсырма Балалар карточкаларды біріктіріп, заттардың санын сәйкестендіру тапсырмасын орындады.

3-тапсырма Бауырсақ ертегісін пайдалана отырып, тапсырмаларды орындап бауырсақты құтқарды.

1-10дейінгі сандарды тура және кері санап білімдерін бекітті.


 

Мерзімі: 25.11.2022ж

Сынып жетекшісі: Есимбекова Мақпал

Сыныбы: 4 « В»

Пәні: Өдебиеттік оқу

Тақырыбы: Кітап-асыл қазына

Мақсаты: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып,  түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті 

Ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу. 

 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. 

4 «В» сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен Кітап-асыл қазына тақырыбанда ашық сабақ өткізілді 

Оқушыларды тикток, инстаграм, вацап суреттері арқылы топқа бөліп, әр топқа ертегі жасырынған мозайка таратылды. Топпен жұмыстың критерийі таныстырылды бір бірін отшашу арқылы бағалады. 

  Сабақ барысында тақырыпты ашу үшін Бинго ойыны арқылы кітап туралы мақал –мәтелдің жалғасын тапқызып, жұмбақтар жасырып, кітап сөзіне сөйлем құрады. 

Олжас Сүлейменовтың өмірбаянын видеоролик арқылы көрсетіп сол бойынша балаларға сұрақтар қойылды. Ақынның Ертегі шығармасын кітаптан тізбектей мәнерлеп оқушылар оқыды. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, негізгі ойды анықтады. Жетелеуші сұрақтар қойылып, балалар лайк жинау арқылы балдарын алып отырды. Оқушыларға тақырып бойынша топтық жұмыс «Сөйлемді толықтыр» әдісі арқылы берілді, топ басшылары жұмысты қорғады,   бір-бірін лайк басу арқылы бағалады. 

Қорыта келіп, жеке жұмысқа әр балаға   кесте таратылды.  Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты, оларға  ұялы телефонға лайк жинау өте қызықты  болды, белсенділіктерін арттырды

Керібайланыс «Ыстық микрафон» әдісі арқылы балалар түсінгендерін ойларын еркін жеткізді. Сабақ тан алған әсерлерін кемпірқосақ жолақтарына стикер арқылы жабыстырып көрсетті


 



Сынып: 4 «А»

Күні:25.11.2022ж 

25 қараша күні 4 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Заттардың қасиеті өзгере ме?» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өтті. 

         Ашық сабақ мақсаты: 4.3.1.1 заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.


       Сабақ  атмосферасын ұйымдастыру мақсатында оқушылар «Ғажайып жылулық» әдісі бойынша бір-біріне алақан соғу арқылы сәттілік тіледі. Оқушылар -«Балға» тобы, II «Шырын» тобы, III– «Балмұздақ» тобы, ІҮ-«Қағаз» тобы деп төрт топқа бөлінді. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Флипли» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді.    Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушылар тарыдан жент алу процесін бақылап, тарының қасиетінің өзгерісін анықтады. Женттің қандай қоспалар арқылы жасалатынын анықтап, қайта қалпына келмейтінін, қоспа алынатынын анықтай алды. Топтық жұмыста өрік, шие тосабы мен шабдалы, алма шырындарының қалай жасалғанына зертеу жасап, олардың қатты заттан сұйық затқа айналғанын және дәмінің, түрі мен түсінің өзгергенін бақылап, анықтама берді. Сабақты бекіту мақсатында картоптың таза немесе қоспа екенін анықтау үшін картоптан крахмал алу үдерісі көрсетіліп, картоптың крахмалға ыдырайтыны арқылы оның қоспа екені айқындалды.

       Оқушыларды сергіту «Флипли» әдісі арқылы жүргізілді. Сабақты бекіту мақсатында сүттен қандай заттар алынуы мүмкін екендігін анықтау топтық жұмыста жүргізілді. Оқушылар сүттен ірімшік, айран, құрт алынатынын айтты. 

      Сабақта кері байланыс «бағалы тастар: гауһар, лағыл, мөлдіртас» арқылы жасалып, оқушылар білімі бағаланып отырды. Топтар арасында бағалау қызыл, сары, жасыл «алмалар» арқылы жүргізіліп, рефлексия   «алма ағашына» «алмалар» ілу арқылы жасалды. 

      Сабақты қорыта келе, сабақта көзделген мақсат орындалып, оқушылар заттардың қасиетінің өзгеретінін және кейбір заттардың бастапқы қалыпқа келмейтінін түсінді. 


Күні: 29.11.22ж

Сынып жетекші : У.О Молдахметова

Сыныбы: 3 Ә

Тақырыбы: Керемет күмбез

 3 Ә сынып оқушыларымен  әдебиеттік оқу пәнінен «Керемет күмбез» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты   «Осы біздер қандаймыз?»  атты  психологиялық тренингпен басталды.  Өткен сабақты еске түсіру мақсатында  оқушылармен «Қарлы кесек» әдісі арқылы  ойнатылды.   Сұрақ-жауап мазмұндау.  

Суреттер сөйлейді әдісі бойынша жаңа бөліммен таныстырылып, сөзжұмбақ шешті.

«Кинометафора» әдісі арқылы бейне роллик көрсетілді.                                                  Сынып оқушылары   төрт  топқа бөлінді. «пазл құрастырды» , «фильворд»  әдіс-тәсілдері арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Бұл тапсырмаларда кестеде берілген әріптерден сөздер табу. Әр топ берілген тапсырмаларын  уақытында орындай білді. Әр тапсырма соңында балалар қалыптастырушы  бағалаумен   бағаланып отырды.

Сабақты қорытындылау сәтінде Қожа АхмедЯсауи кесенесі жайлы мәтін берілді, сол берілген мәтіннен түсіп қалған сөздерді  орнына жазу, әр жазылған сөз 1 балл  арқылы бағаланды.  Кері байланысты «Ұстазға хат» әдісі арқылы берді. 

Сабақ барысында оқушылар алған балы   арқылы бағаланды.


 



Күні: 28.11.22ж

«Оқуға  құштар мектеп»                             

«Ата мектебі» бағыты бойынша өткізілген іс-шараның 

Тақырыбы :   Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар Мақсаты: а) Қазақтың әдет – ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата - анасын, бауырларын біліп қана қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа, нағашы және қайын жұрты болатындығын ұғындыру.                                                                               ә) Олардың туыстық жақындығын жеке түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынасты дамытуға, оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау.                                            б) Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру. 

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру - ажырату, сахналық әдіс Көрнекілігі:суреттер, суретті - жұмбақтар 

Іс-шара ұйымдастыру кезеңінен басталды. Пысықтау сұрақтары қойылды. 

 1. Отбасы деп кімдерді айтамыз? 

2. Отбасына кімдер жатады? 

3. Сенің отбасын қандай?

 4. Өз отбасыңа қандай көмек бересің?

 5. Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? 

 Негізігі бөлім бойынша Ата мен әже және туыстық атаулар туралы  кең мағлұмат,  теңеу, ұғым берілді. Ақ ниетімен, ақ батасымен айналасын арайландырған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған ата мен әже атты абзал жандардар туралы айтылды.   Қариялар өз отбасының тірегі, балалары мен немереліне өнеге, ұлттық құндылықта тәлім-тәрбие беретін адам. Осындай жандарды сыныбымызға  қонаққа шақырылып,іс-шарамызға  қатыстырлды. Сынып оқушысы Ыхыластың атасы Ақыт атамызбен таныстырылды.

Атай туыстық атулар туралы балаларға әнгімелеп берді. Немересі Ыхылас екеуі «Не дейміз?» атты әнді орындап берді. Шара соңында  атай ақ батасын беріп , қонақтар мен сынып жетекші сөз сөйлеп қорытындыланды. 


 


       «Әже мектебі» бағыты бойынша өткізілген іс-шара

Тақырыбы:ОЮ-ӨРНЕК –  ӨРЕЛІ ӨНЕР 

Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, суреттер және нақыл сөздер, 

Сыныптан тыс іс-шарамыз әже туралы әңгімемен басталды. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп - ақ. Зередей зерделі де ұлағатты әжеден аңыз - әңгімелер мен жыр - дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақтың ұлы ақынына, зор тұлғаға айналды.Сонымен  қатар әжелеріміз қолөнермен де айналысқан.   Қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырту,қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы екендігі туралы түсінік  беруден басталды. Көрнекілік арқылы ою-өрнектер түрлері көрсетілді.

 «Жігітке жеті өнерде аз»,  «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамығы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған. Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парызы деп санайтын қонағымыз  Сауле әжемен таныстырылды. Әжеміз оюлар және  оларды қай жерде қолданатындығы туралы айтып  өтті.  Сынып оқушыларына ою ойып көрсетіп , қыздарға үйрете отырып,  бірге ою ойды.

  Іс-шарамыз оқушылардың мақал-мәтел айтуымен жалғасты. 

Мұғалім мен қонақтарға   қорытынды сөз берілді. Қонақкәде ретінде   әжейдің иығына орамал жабылды.


 


         «Оқуға   құштар мектеп» Кел,балалар оқылық! жобасы  аясында   «Театр сабақтары» жобасы  бойынша ертегілер еліне саяхат атты ертегі

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.
 Мақсаты: 1. Ертегіні сахналауға үйрету.
 2. Достаса білуге, достық қатынасты бағалай білуге баулу.
 3. Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, адамгершілік, шыншылдық, еңбексүйгіштік  қасиеттерді ұялату, бірлікке тәрбиелеу

Сабақ типі:  Білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі:  Сыныптан тыс іс-шара

Көрнекілігі: топтың іші орман секілді безендіріліп, үйшік қойылады. 

Оқушылар-жүргізуші, қоян, тиін, түлкі, тышқан, қасқыр, аю ролдерінде ойнап   ертегіні сахналады. Сахнада ойнау, ертегіні сахналау, ертегі жануарларының ролінде ойнау  оқушыларға ұнады. Бір-бірімен достық қатынасты нығайта   отырып, бірлесе еңбек ете білуге, адамгершілік ,шыншылдық қасиеттерді сезіне  білді. Ертегіні көрермен ретінде тамашалаған балалар  да қызыға тамашалады. Оқушылардың ертегі  оқуға деген қызығушылықтары мен ынтасы артты деп ойлаймын.. 

                                    3 «Б» сынып «Үйшік» ертегісі

 



 Мектепалды даярлық  0 «А»    «Ә»

0 «А» «Ә» сыныбтарында  «Мақта қыз» және «Шалқан» театрландырылған қойылымын өтті

Сынып жетекшісі: М.Нұрсултанова, А.Шайвозова

Тақырыбы:  «Мақта қыз»«Шалқан ертегісі»

Сабақ мақсаты: Білімділік: Еңбек сүйгіштікке баулу, ертегі кейіпкерлерін сахналау, ертегі мазмұның меңгерту.
 Дамытушылық: Ертегіні сахналау арқылы, тіл байлығын, ойын, зейінін сөздік қорын дамыту.
 Тәрбиелік: Достыққа, әдемілікке. ұқыптылыққа, кішіпейлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Бүгінгі ертегіні сахналау арқылы балалардың достық, татулық, ауызбіршілік қасиеттері дами түсті. Өйткені ертегінің өзі айтып тұрғандай жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Балалар барынша актёрлық шеберліктерін сала отырып ертегіні қойылымдады. Өз-өздерін жақсы ұстады. Және балалар өлең орындап, мақал-мәтел жаттап айтты, мағынасын түсіндірді


 


 






                                  2  сыныптар  «Шалқан» ертегісі 

1 сыныптар «Үйшік» ертегісімен


 

    "Оқуға құштар" жобасы аясында 4 "Ә" сынып оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың "Қасқыр мен қозы" мысалынан  сахналық қойылым көрсетті. Автор сөзін Болат Нұрали нақышына келтіре отырып оқып берді. "Қасқыр" рөлін Орымбет Жандарбек және "Қозы" рөлін Омар Әсет қызығушылықпен сомдай білді. Сондай-ақ, басқа да сынып оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын мәнерлеп оқып, шығармалары бойынша сурет салды.

 





    Күні: 02.11 

«Өркен» бастауыш ӘБ апталығы аясында бастауыш сынып сынып мұғалімідері 

Р.Утешова Парманова Р  Ж.Мамырханова  «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыс үлгілері» тақырыбында семинар  өткізілді.

МақсатыБастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

қалыптастырудың жолдарын анықтау, тиімді әдіс тәсілдермен бөлісу

семинар барысында мұғалімдер тақырып төңірегінде ой бөлісіп тәжірбиемен алмасты

семианар басында көңіл кұйді көтеріп жағымды атмосфера туғызу мақсатында« Кім зерек атты трениг өткізілді.

Семинар барысында әдебиеттік оқу пәнінде   мәтінді  толық меңгеру үшін «Уақыт сызығы» әдісі, «Зуылдақ» әдістерімен таныстырылды .

«Ара» әдісі ,«Ақылды карта » әдісі,«Жүгіртпелі эссе», «Сәлемдемені жіберіңіз атты әдіс тәсілдерін бере отырып шығармашылықпен жұмыс жасады.Сабақта  бала өз  білімін бағалау мақсатында «Білім заряды» атты әдіспен бөлісті