Кемел келешек кілті білімде » И.Шорманов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"И.Шорманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72777) 55-93-85
Есепші бөлімі:
+7(72777) 55-92-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
июнь
2023

Кемел келешек кілті білімде

Кемел келешек кілті- білімде. 

        Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Мектебіміздің оқушылары түрлі оқулыр мен аудандық облыстық олимпиадалар мен спорттық  жарыстарға , ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындар иеленіп келеді. Соңғы 5 жылға тоқаталар болсақ:

2019 ж орыс тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының ІІІ дәрежелі дипломын 9 сынып оқушысы  Бекет Дастан марапатталды. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумадилова Мадина Сериковна.


2019 ж Облыстық « Абай оқулары» байқауынан ІІ дәрежелі дипломмен Нұрсапа Бексұлтан марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарыкова Карлыгаш Кудайбергеновна. 


2019ж қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының ІІІ дәрежелі дипломын 6 сынып оқушысы Мұхаметқали Нұрила    марапатталды. Жетекшісі  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенова Бактыгуль Султановна . 


2020 ж  тарих пәнінен облыстық «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының І дәрежелі дипломын 8 сынып оқушысы   Дүйсенова Ақерке марапатталды.   Жетекшісі Момбаева Мария Акимхановна ҚР Білім және Ғылым министрілігінің  /А. Аймағамбетов/ Құрмет Грамотасымен марапатталды. 


2020 ж Сондай-ақ мектебіміздің директоры жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі ерен еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым министрілігінің /А. Аймағамбетов/ Құрмет Грамотасынмен марапатталды. 


2020 ж «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы 5 сынып оқушысы Нұржан Алтынай   Назарбаев атындағы зияткерлікке мектепке қабылданды. Сынып жетекшісі Сарыкова Карлыгаш Кудайбергеновна. 5 сынып оқушысы Абылхайыр Аружан Ш. Смағұлов атындағы дарынды балалар мектебіне қабылданды. Дәл сондай  Баян Темірлан жеңімпаз атанды. Сынып жетекшісі Калиакпарова Дана Ауганбаевна.   


2021-2022 ж география пәнінен  облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының ІІ дәрежелі дипломын  6 сынып оқушысы Файзулла Арай марапатталды. Жетекшісі Даулетова Майгуль купжасаровна . 


2021-2022 ж бастауыш сынып оқушылары облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының ІІІ дәрежелі дипломын  3 сынып оқушысы Болат  Нұр   Али,  2 сынып оқушысы Аллаяров  Мейіржан мараптатталды. Жетекшілері Молдахметова Улжан Отарбаевна, Шагаева Молдир Рахимбаевна. 

2021-2022 ж Республика көлемінде өз жетістігімен, ұстаздарының ерен еңбегін, ата- анасының берген үлгі тәртібін паш еткен «Елбасы медалі» жобасының қола медалімен   Қарабек Асем марапатталады.


2022-2023 ж қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының ІІІ дәрежелі дипломын 8 сынып оқушысы Розим Малик     марапатталды. Жетекшісі  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смажанова Асель Абдимановна . 


2022-2023 оқу жылында «Ел үміті» Қазақстан Республикасындағы «Дарынды балалардың ұлттық   антологиясы» атты республикалық энциклопедиясына  10 сынып оқушысы Дүйсенова Ақерке енді. Бұл  мектебіміз үшін де, оқушы үшін де үлкен жетістік. 


 Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов  "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім" деген . Адамды адам еткен алдымен - еңбек болса, одан соң - білім екені даусыз.   Кемел келешек кілті- білімде деп бекер айтылмаған. Ендіше, білім-біздің басты құндылығымыз. Оны игере білсе, өмір белестері өздігінен бағынары сөзсіз. Осы мақсаттарға жетудің жалғыз кепілі - білімді ұрпақ  тәрбиелеу. Осы жолда ұстаздарымыз талмай еңбектенуі заман талабы. Біз ұстаздармызға шығармашылық шабыт, талантты да дарынды шәкірттері көп болсын демекпіз. 


Директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары  

Бейсенова Бактыгуль Султановна