26
август
2022
"Сапалы білім - мұғалім ізденісі мен сабақтастығының нәтижесі" атты әдістемелік бірлестіктерінің озық педагогикалық тәжірибе таратуы. Мектепішілік Тамыз конференсиясы
2022-2023 оқу жылында әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыруда оқу процесiн ұйымдастыру ерекшеліктері туралы нұскаулық хат басшылыққа алынды. Әр пән бойынша ерекшеліктер әдістемелік бiрлестiк отырысында қаралып, күнтiзбелiк - тақырыптык жоспар жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
"
"